Шымкент қаласында бюджет есебінен салынған 57 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда 479,9 мың шаршы метрді құрайтын 97 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл 5912 пәтер. Оның ішінде 3512-сін жыл соңына дейін беру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, биыл 1580 пәтер сатып алу жоспарланған. Оның 900-і жұмысшы жастарға, 444-і көп балалы аналарға және 236 пәтер халықтың әлсіз топтарына арналған.
Айта кетейік, ағымдағы жылы қаладағы тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға артып отыр.
Гүлдана Дәурен