Түркістан облысының көкпаршылары республикалық турнирде топ жарды

183

8 команда арасында қарсылас шақ келтірмеген жерлестеріміз өз алаңдарында бақ сынаған болатын. Жанкүйерлерін жерге қаратпаған өңір балуандары енді Әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.

Әбілхан Дауылбаев атындағы турнирдің ақтық кезеңі тартысты өтті. Турнирдің соңғы күні 3 – орын үшін Жамбыл облысы мен Алматы облысының командалары алаңға шықты. Ойында жамбылдық шабандоздар мықты екенін байқатып, 8:3 есебімен жеңіске жетті.

Ал, жеңіс Түркістан облысы мен Маңғыстау облысының командалары арасында сарапқа салынды. Кездесудің басынан түркістандық шабандоздар басымдық танытып, 2 – минутта алғашқы салымды салды. Осылайша бірінші кезеңде Түркістан облысының командасы 7:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойын Түркістан облысының 11:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Бір аптаға жалғасқан жарыс нәтижесінде Түркістан топ жарып 500 мың теңге еншілесе, Маңғыстау облысы екінші орынмен 300 мың теңгеге қол жеткізді. Ал, үздік үштікті түйіндеген жамбылдықтар 200 теңге олжалады.

Назерке Үкібасова