Шымкент: Мектептегі эпидахуал қалай?

155

Шымкент мектептерінде 40 оқушының короновирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

Алайда бұл көрсеткіш қазан айының басымен салыстырғанда едәуір төмен. Үшінші мегаполистің бас ұстазының айтуынша, білім ұяларында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып жатыр.

Бүгінде оқушылардың 92 пайызға жуығы штаттық режимде білім алуда. Сондай-ақ КОВИД -19-дың таралуын болдырмау үшін әр сабақ 40 минуттан өтіліп жатыр екен.

Мөлдір Ибадуллаева