Шымкентке жылу қашан беріледі ?

192

«Қуатжылуорталығы-3» мекемесі басшылығының мәлімдеуінше Шымкент қаласы жылуға қосылуға дайын. 1-ші қазаннан бастап магистральды құбырлар суық сумен толтырылуда. Ал өткен демалыс күндері сығымдау жұмыстары жүргізілген көпқабатты үйлердің жылу жүйелеріне су жіберу жұмыстары басталды.

Айта кететін жәйт, бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қаладағы 1 854 көпқабатты үй қосылған. Жылу берушілер мегаполисте «2021-2022 жылдардағы жылу маусымы» қала әкімінің қаулысы шыққан күннен басталады дейді.
Пердебай Сәбитов, «Қуатжылуорталық-3» МКК директоры: «Жылуды  Шымкентте үш күн бойы ауа температурасы  +8 градустан төмен болған жағдайда бере бастаймыз. Ал егерде  15 қазанға дейін күн жылы болса, онда жылуға  бюджеттік мекеме, мектеп, емхана, ауруханаларды  көпқабатты үйлер мен коммерциялық нысандарды   қазан айының ортасы  мен 1 қараша аралығында  қосамыз».

Шынар Оразова