Шымкентте тұрғындардың сұранысы негізінде №61 мен №72 қоғамдық көлігінің бағытына өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде №72 бағыт, май комбинаты аумағын толық қамтитын әлеуеті анықталып, «Алаш базары – МШК» аялдамалары аралығында қызмет көрсетеді.
Бұл бағыттағы автобус саны 12 болса, сенбі мен жексенбі күндері 10 көлік қызмет көрсетеді. Аралығы 18 минутты құрайды. Қоғамдық көлік қызметіне зерделеу нәтижесінде №61 бағытқа жолаушы аз мінетіні анықталды.
Бұрын МШҚ шағынауданында қызмет көрсететін көлік енді «Ж.Тәшенов көшесі – 8 көше» аралығындағы жолаушыларды тасымалдайды. Енді осы бағыттағы 6 көлік 15 минуттық аралықпен қызмет көрсетеді.
Әлихан Файзханов