«Астана Моторс» компаниясы Шымкентте Hyundai Otyrar дилерлік орталығын ашты. Жаңа автоорталықта көлік алу мүмкіндігінен бөлек, сервистік қызмет көрсетіліп, түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарлар алуға болады.
Шымкентте Hyundai Otyrar дилерлік орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Сенімді, стильді, заманауи және тиімді HYUNDAI автомобильдерін енді мегаполистегі жаңа автосалонында да сатып алуға болады.
Он айдың ішінде салынған дилерлік орталықтың жобасына «Астана Моторс» компаниясы 1,5 миллиард теңге жұмсаған. Бұл компанияның Қазақстан бойынша отызыншы дилері. Тұтынушылар мұнда қызметтің барлық түрін табады.
Бекнұр Несіпбаев, «Астана Моторс» компаниясының бас директоры: «Шымкент қаласындағы екінші HYUNDAI автоорталығы болады. Бірақ «Астана Моторс»-тың қарамағындағы 1-ші дилерлік орталық. Бұл автосалон заманға сай HYUNDAI Моторс компаниясының стандарты бойынша салынған. Бұл жерде халық HYUNDAI автокөліктерін алып қана қоймай, несие де алуға болады. Осы ескі автокөліктерін жаңа автокөлікке ауыстыра алады және қосалқы бөлшек, сервис, бөліп төлеу бар».
«Астана Моторс» Қазақстанның автомобиль саласындағы ірі салық төлеушілердің бірі. 2021 жылдың 9 айында компания ел бюджетіне 50,8 млрд. теңге салық төлепті. Hyundai Otyrar да қала экономикасына ықпалы оң болады дейді шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев:«Ең бастысы қаламызда 100-ден аса жұмыс орны құрылып отыр. Жұмыс орындары -бұл біздің жерлестерімізге Шымкент қаласының тұрғындарына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Бұл халықаралық дәрежедегі Қазақстандағы ең үлкен компания».
Жалпы, «Астана Моторс» компаниясы 2022 жылға дейін Шымкентте тағы бірнеше автоорталық салуды жоспарлап отыр. Олардың арасында BMW, HYUNDAI дилерлік орталығы және Mycar көпфунционалды орталығы бар. Ал, әзірге HYUNDAI көліктерін Бәйтереков көшесі, 6а «Hyundai Otyrar» дилерлік орталығынан сатып алуға болады.