Түркістан облысында ағымдағы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 405,6 млрд. теңгені құрады. Облыстағы шаруашылықтардағы барлық санаттарындағы ірі қара мал саны 3,3% көбейіп, 1,15 млн бас, қой мен ешкі – 5,1 млн бас, жылқы – 385,2 мың бас, түйе – 37,9 мың бас немесе 110,2%. Жыл асынан бері өңірде 407,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.
2021 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері көш ілгері. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 44,2% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 180 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі – 99,6%, немесе өнім көлемі 187,7 млрд. теңгені құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 34,9 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі – 118,1% құрады. «Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау» саласында 5,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 110,3% құрады. Аса маңызды өнімдердің ішінде ұн – 9,8% (139,5 мың тонна), төсек жаймалар – 1,5 есе , жылу қуаты – 29,8% артты.
Шынар Оразова