Түркістан облысында 4 ұстаз үздік атанды

115

Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының қорытындысы шықты. Түркістан облысының төрт мұғалімі үздік атанды.

Биылғы «Үздік педагог» байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Түркістан облысы, Сарыағаш қаласындағы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлтан Сүлейменов, Жетісай ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Пазылова, А.Исмаилов атындағы кәсіптәк колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мұхтар Мырзаев пен Мақтаарал ауданы, Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Тәрбие Әлібекова еліміздің ең үздік ұстаздары атанды. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы лауазымына Рақымбек Жолаев «Үздік педагог-2021» республикалық байқау жеңімпаздарын құттықтап, оларға алғыс білдірді. Еліміздің үздік педагогтеріне төсбелгілер тағылып, 3 млн теңге яғни 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Айта кетейік, Республика бойынша 64 мектеп мұғалімі мен колледж оқытушылары үздік атанды. ВИД: ЖАНЕРКЕ
Гульжан КошероваСегодня, 11:42
Кому: вам