Білімділер мен біліктілер марапатталды

357

Республикалық «Үздік педагог» байқауынының бас жүлдесін шымкенттік ұстаз жеңіп алып, 1 миллион 800 мың теңгені қанжығасына байлаған болатын. Жеңімпаз жерлесіміз – № 9 лицейдің майталман мұғалімі. Еңбегі еленген Ким Нина Ир-Сенақызына Шымкент қалалық білім бөлімі құрмет көрсетті.

001

Сондай-ақ, білім бөлімінің басшысы «Балапан» интеллектуалды ойын бағдарламасына қатысып, алтын медальмен оралған № 65 мектептің бір топ оқушысын қабылдап, мақтау қағазы және бағалы сыйлықтар табыстады. Мектеп басшылары мен жетекшілері де мадақталды.

[youtube]http://youtu.be/frPw3G3ZcKw[/youtube]