Түркістан: Пара алу үстінде ұсталған қызметкерге қатысты қаулы шықты

83

Пара алу үстінде ұсталған Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысына қатысты қаулы шықты. Бүгінде мемлекеттік қызметкердің үстінен қылмыстық іс қаралып, ҚК-тің 366 бабының үшінші бөлімінің екінші тармағымен екі ай мерзімге санкция берілді.

Сондай-ақ, дәл осы басқармаға қарайтын мектеп директоры да пара алды деген күдікке ілігіп отыр. Түркістан облыстық мамандандырылған тергеу сотының судьясы мәлімдегендей, директор мұғалімнен алған 800 мың теңгесін бөлім басшысына беріп жатқан кезінде тұтқындалған.

Әбдуәлі Қосмұратов, Түркістан облысының мамандандырылған тергеу сотының судьясы: «Жұмысқа қабылдау мақсатында деп алған 800 мың теңгені. Соның жартысын білім бөлімінің бастығына апарып берген кезінде оны тұтқындады. Қазіргі кезде соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Тараптар шағым келтіріп, аппиляциялық сотқа жолданды».

 Мөлдір Ибадуллаева