Түркістан қаласының атауы өзгертіледі ме?

Әлеуметтік желіде «Түркістан облысының әкімі Түркістан қаласының атауын ауыстыру туралы ұсыныс берді» деген жалған ақпарат тарап жатыр.

Ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз! Көпе — көрінеу жалған ақпарат таратушыларға заң жүзінде қылмыстық жаза қаралғанын еске саламыз.