Түркістанда «COWORKING» орталығы ашылды

210

 Түркістандағы «Nur Otan» партиясы филиалы жанынан жастарға арналған «COWORKING» орталығы ашылды. Шараға Түркістан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев пен Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысты.

Сондай-ақ, жиынға ҚР Парламент мәжілісінің ең жас депутаты Мәди Ахметов пен «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев қолдау көрсетті. Ашылған орталықтың негізгі міндеті – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау.

Аталған ғимарат барлық заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Мекеме бір уақытта 50-70 адамды қабылдай алады. Ғимаратқа кіру тегін.

Айта кетейік, бұл ғимараттың құрылысы биыл наурызда аймақ кәсіпкерлері мен депутаттардың қолдауымен басталған болатын.

Диана Біржанова