Úı ANONS Түркістанда төрт көлік соқтығысып қалды

Түркістанда төрт көлік соқтығысып қалды

Түркістан облысында бірнеше көліктің қақтығысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданы мен Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолында «Камаз» маркалы жүк көлігі мен «Toyota-camry», «RAVON» «Daewoo Nexia» маркалы көліктері соқтығысқан.

Салдарынан «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызылған.

Бағлан Янкин, Түркістан ҚПБ жергілікті полиция қызмет бөлімі бастығының орынбасары: «Жол көлік оқиғасы салдарынан Камаз жүк автокөлігіне қатысты ҚР қылмыстық кодексі 345 бабы 2 бөлігіне сәйкес сотқа дейін амалдар жүргізілуде. Автокөлікке материалдық шығын келгенмен қаза болғандар жоқ».

Әлихан Файзханов