Веломарафон өтті

53

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ақсукент ауылдық округінде “Ауыл ел тірегі” он күндік спорттық іс шарасы ұйымдастырылды.

Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен шара Аққала ауылында басталып, Ақсукент ауылының “Қайрат” стадионында мәресіне жетті.

Жастар, спортшылар және мемлекеттік қызметшілер веломарафонға қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы аудан әкімдігі атынан жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тілеп, барлық белсенділерге, жеңімпаздарға дипломдар табыстады.

QAINAR KÓZСайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі