Шымкентте 19 қазан күні сағат түнгі 22:00 шамасында жасөспірімнің анасы қызының Whatsapp желісінде жазған жазбасын көреді. Онда қыздың көпірден секіргісі келетіні жайында айтылған.
Анасы тез арада қаладағы көпірлердің біріне барып, іздеуге кіріскен. Алайда, нәтиже болмаған соң 102-ге хабарласқан.
Полиция хабарламаны қабылдаған соң, өз аумағына жақын жердегі көпірлерді тексерген. Іздеу барысында көпірдің жиегінде секіргелі тұрған қызды көрген.
Полиция қызметкерлері тез арада қыздың жанына жақындап, оны қауіпсіз жерге шығарып алған. Содан кейін жасөспірімнің анасына хабарласып, табысталған.
Гүлдана Дәурен