ҚР Президентінің Жолдауы: Сот және құқық қорғау саласындағы реформалар

380

ҚР Президентінің Жолдауында құқық қорғау саласы мен құзырлы орган өкілдеріне қатысты да айтылды. Азаматтардың құқы мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтудің негізгі факторы ретінде Тоқаев сот пен құқық қорғау жүйесінде терең реформа жүргізуді атады.

Үкіметке тапсырма берген Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімшілік юстиция енгізуді тапсырды. Бұл ерекше механизм өзара, қос тарап арасында келіспеушілік болған жағдайда жұмысты жеңілдету үшін қажет болған. Мәселен, қылмыскерге жаза тағайындар кезде оған айғақтар жетіспеген жағдайда, оны жинақтау тек мемлекеттік органдағыларға жүктеледі. Және қазіргі қоғамда, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен мәселе де Президенттің назарынан тыс қалмады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам зорлау, зәбір көрсету мен педофилдерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырды. Жолдауды мұқият тыңдаған шымкенттік судьялар Мемлекет басшысының бұл жолдауын құп көретінін жеткізді.

Азаматтардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы жоба-жүктемелерді тізбектей келе, ең бірінші кезеңде 2020 жылдың соңына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта жасақтауды міндеттеді. Сондай-ақ, Ішкі істер қызметін реформалауға алдағы 3 жыл ішінде 173 млрд.теңге бөлінбек. Бұл қомақты қаржы полицейлердің жалақысын аттыруға, баспанамен қамтуға және жергілікті жерлердегі полиция басқармаларына қарасты заманауй фронт-офистерді ашуға жұмсалады.

Мөлдір Бекеева