Елдегі екінші деңгейлі банктердің ел экономикасын қаржыландырудағы үлесі айтарлықтай азайды. Әсіресе, кәсіпкерлерге қарыз беру рекордты деңгейге түскен.
Салыстырмалы түрде айтайық, 2009 жылы жалпы ішкі өнімдегі несиенің үлесі 67 пайыз болатын. Кейін 35 пайызға төмендеді. Ал ағымдағы жылы 21 пайыз деңгейінде. Оның жартысынан көбі тұтынушылық қарыз.
Нақты өндіріс саласына берілген қаржының үлесі ішкі жалпы өнімнің 10 пайызға ғана тең. Ал көрші Ресейде жағдай керісінше. Кейінгі жылдары мұнда банктердің экономиканы қаржыландырудағы үлесі елдің жалпы ішкі өнімінің 60 пайызына жеткен.
Шынар Оразова