Бір тәулікте терезесі күңгірттелген 80 жүргізуші жауапқа тартылды

70

Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 80 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Ағымдағы жылдың 2-қарашасында Т.Рысқұлов-С. Бәйтереков көшелерінің қиылысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері терезесі күңгірттелген «Лада» маркалы автокөлікті байқап, тоқтатқан.

Яғни, көліктің терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген. Нәтижесінде, автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатыны туралы түсіндірілді.

Жанерке Хумар