ЕАЭО елдерінен несие алу мүмкіндігі

92

Енді тұрғындардың ЕАЭО елдерінен де несие алуға мүмкіндігі бар. 5 мемлекет азаматтардың несие тарихы туралы ақпарат алмасуға ниетті.

Екі жыл бұрын тараптар ортақ қаржы нарығын құру тұжырымдамасын бекіткен. Мақсат – трансшекаралық несие беру жүйесін дамыту. Халыққа одаққа мүше кез келген мемлекеттің қаржы ұйымынан қарыз алуына мүмкіндік беру.

Келісім күшіне енсе, азаматтар қай елге жүргеніне қарамастан кредиттік есебін алады. Мамандардың сөзінше, экономикалық одақ аумағында тең шарттармен несие рәсімдеуге болады.

Шынар Оразова