Фермерлердің қарызын азайту үшін сыйақы мөлшерлемесі төмендейді

120

Фермерлердің қарызын азайту үшін сыйақы мөлшерлемесі төмендейді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, енді субсидия арқылы агроөнеркәсіптік кешенге қолдау артады.

Мәселен, техника, жануарлар сатып алуға берілген қарыздың сыйақы мөлшерлемесі 10 пайызға, ақшаны толтыру бойынша – 7 пайызға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге – 9 пайызға төмендейді.

Сонымен бірге, қарапайым заттар экономикасы арқылы берілетін несиенің де жылдық мөлшерлемесі азаяды. Министрліктің хабарлауынша, бұл өзгерістер 4 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Шынар Оразова