Көмірдің бағасы тағы да өсті

36

Қазақстанда екінші жыл қатарынан көмір бағасы өсіп келеді, деп хабарлады Energyprom.kz.

 

2021 жылы тас көмірдің орташа бағасы 5,1 пайызға өсті. Елдің 14 аймағында көмір бағасының өскені байқалып отыр. Шығыс Қазақстан облысында бір жыл ішінде 10,8 пайызға қымбаттаса, Жамбыл мен Түркістан облыстарында 8,6 пайызға көтерілген. Батыс Қазақстан облысында ғана биыл 1 пайызға арзандады.

Бір ай бұрын ең қымбат көмір Орал қаласында болған. Ол жерде қатты отынның  бір тоннасы 19,3 мың теңгеден сатылды. Таразда – 15,6 мың теңге, Түркістанда 15,3 мың теңге тұрған. Ал ең арзан көмір Семейде 9,8 мың теңгеден сатылған.

Айта кететін жәйт,  Қазақстанда өндірілген көмірдің басым бөлігі Павлодар облысына тиесілі. Ол жерде биыл 47,9 миллион тонна өндірілген. Одан кейін Қарағанды облысы (27,7 млн тонна) мен Шығыс Қазақстан облысы (6 млн тонна) келеді.

Шынар Оразова