Мұнай өнімдерін көлікпен экспорттауға тыйым салынды

47

Қазақстанда мұнай өнімдерін көлікпен экспорттауға  тыйым салынды.

Энергетика министрлігі өнім тапшылығының туындауына жол бермеу үшін бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрін автомобиль арқылы әкетуге алты ай мерзімге шектеу қойды.

Алайда жанармайды көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда экспорттауға рұқсат бар.

Шынар Оразова