Úı Jańalyqtar Қазақстан мен Еуроодақ арасында сауда көлемі артып келеді

Қазақстан мен Еуроодақ арасында сауда көлемі артып келеді

Қазақстан сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Брюссельге жасаған екі күндік сапары барысында екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды және жаһандық алаңдарда өзара әрекеттесу аумағын дамыту жолдары талқыланды.

Одақ және Еуропарламент өкілдерімен кездесуде тараптар Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-министрлік конференцияның міндеттері мен мақсаттары жөнінде пікір алмасты.

Бұл іс-шара осы айдың соңында Қазақстанның төрағалығымен Женевада өтуі тиіс. Пандемияға қарамастан Қазақстан мен Еуроодақ арасында сауда көлемі өсіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы 8 айында ол 19 млрд. доллардан асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға көп.

Шынар Оразова