Қаламызда үш күнге созылған отандық тауар өндірушілер көрмесі өз мәресіне жетті. «Шымкент өнімдері» деп аталатын шараға жергілікті 90-нан аса кәсіпорын өз тауарын ұсынған болатын.
Нәтижесінде, «Халық таңдауы» бойынша ең көп дауысқа ие болған 10 кәсіпорын, сонымен қатар «Саладағы үздік өнімді шығаратын» 9 кәсіпорын таңдалып алынды.
Жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мамандар, бұл көрме үшінші мегаполистегі өнеркәсіп саласының дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенімдіміз, — дейді.
Аида Қарсыбайқызы