Шымкент: Сығымдалған газ бен жанармай бағасы қымбаттады

107

Сығымдалған газ бен жанармай бағасына тоқтам бар ма? Бұл сұрақтың жауабын ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені жағармай отындарына бағаны нарықтың өзі реттеуде. Бұл мәселеге тіпті мамандардың өзі алаңдаушылық танытып отыр.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров, бұл жағдайға үкімет араласып шара көрілмесе, салдарынан азық түліктен бастап өзге де тауарлардың қымбаттауы қарқын алары сөзсіз дейді.

Қайыпбек Қамбаров, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы: «Қоры жеткілікті 8 мың тонна үлкен газжинағышы бар компанияларға бөлінеді. Сығымдалған газдың бағасы кешегі айда орта есеппен 85-90 теңге болса, қазір 110 теңгеге дейін көтерілді. АИ-92 маркалы бензиннің литрі 176-179 теңге, кеше ғана 170 еді».

Шынар Оразова