Түркістан қаласын дамытудың алғашқы кезеңі аяқталып, жалпы есепте 445 млрд. теңгеге жаңа 251 жоба іске асып, 123 нысанның құрылысы тәмәмдалған. Ал қала дамуының екінші кезеңі 4 аумақта жүзеге асырылмақ.
Бірінші аумақ – 3 самолетке арналған ангар, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады.
Ал екінші аумаққа – Әкімшілік-іскерлік орталығында теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені, демалыс орындары кіреді. 3-аумақта спорттық кешен, «Яссы» желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, универститеттік ботаникалық бақ салынады.
Сондай-ақ, 4-аумақта мәдени-рухани орталықта Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарланып отыр.
Гүлдана Дәурен