«Көрме» орталығында 17-19 қараша күндері «ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» көрмесі өтеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындарын, ұйымдар мен мекемелерді жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен таныстыру.

Іскерлік байланыстарды нығайту үшін көрмеге әлеуетті тұтынушылар шақырылып отыр екен. Олардың қатарында мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақүй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері бар.

Көрмеде тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын шығаратын 90-нан астам кәсіпорынның өнімдері ұсынылады.

Мөлдір Ибадуллаева