Жарықтың тарифі 6 пайызға қымбаттады

43

Елде жарықтың тарифі 6%-ке қымбаттады. Ал электр энергиясына сұраныс жеті пайызға артқан.

Дегенмен биыл былтырға қарағанда энергия 7,7 пайызға көбірек өндірілді – 83 млрд киловат/сағат. KEGOC АҚ-ның мәліметінше, тек Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда ғана энергия артық.

Қалған өңірлерде энергия тапшы. Қызылордада бір жылда жарықты тұтыну 16 пайызға, Батыс Қазақстанда, 14, Түркістанда шамамен 13 пайызға өскен.

Шынар Оразова