Республика аумағындағы 93 қаржы ұйымына 25 млн. теңгеден аса айыппұл салынды. Бұған тұрғындардан түскен шағым себеп.
Биыл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне халықтан 27 мың өтініш түскен. Оның 66 пайызы екінші деңгейлі банктердің жұмысына қатысты шағым.
Қалғаны микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекетіне қатысты. Агенттіктің тексеру нәтижесі бойынша оларға 87 әкімшілік жаза қолданылды. 6 мыңнан аса азаматтың қарызы қайта қаралды. Мамандар несие аларда, келісім шартқа қол қояр кезде аса мұқият болуды ескертеді.
Шынар Оразова