Еуропада жүк көліктері жүргізушілері тапшы

155

Еуропада жүк көліктері жүргізушілері  тапшы. Ал, Испанияға осындай 20 мыңдай маман қажет. Сондықтан, бұл корольдік үкіметі  жүк тасымалдаушы көліктерге әйелдер мен жастарды көбірек тартуға бұйрық берді.

Қазір Испанияда ауыр  жүк көліктерді  жүргізетіндердің 4 пайызы – қыз-келіншектер. Сонымен қатар, мұнда нәзік жандылардың таксишілер мен автобус жүргізушілерінің арасындағы үлесі 20 пайызға жетіп қалған.

Испания азаматшасы Бегона Урменетаның сөзінше, егер жалақы көтерілмесе, елде алдағы он жылда жүк көліктерін айдайтын адам табылмай қалуы мүмкін. Ал, Еуропада бұндай вакансияларға 400 мыңдай адам қажет болып отыр.

Шынар Оразова