Úı ANONS «Тринька» және «зарик» ойнатып, 93 млн. теңге пайда тапқан

«Тринька» және «зарик» ойнатып, 93 млн. теңге пайда тапқан

фото kz.otyrar.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында екі сотталушыға қатысты қылмыстық іс аяқталды.
 
Сотталушылар ҚК-нің 307-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ойын бизнесi саласындағы қызметтi Шымкент қаласының аумағында заңсыз ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастырып және өткізіп, не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асырып, аса ірі мөлшерде табыс табу) айыпталған.
 
Сотталушылар бірнеше дроперлердің «Kaspi bank» АҚ есеп шоттарын пайдалану арқылы 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың маусымына дейінгі аралықта Шымкент қаласының аумағында «Тик Ток» және «YouTube» әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер арқылы «тринька» және «зарик» атауы бар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып 681 226 532 теңге (оның ішнде ұтқан адамдарға қайтарған ұтыс сомманы шегергенде өздеріне қалған 93 792 743 теңге) қылмыстық табысқа ие болғаны анықталған.
 
Сотталушылардың кінәсі куәлердің жауаптарымен, маман қорытындысымен, ұялы телефондарға қарап-тексеру хаттамасы, ондағы ойынды ұйымдастырғаны жөніндегі жазбалары және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
 
Прокурор сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушылар кінәсін ішінара мойындап, өздеріне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
 
Сот, сотталушылардың қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде,  млн. теңге табыс тапөакінәларын ішінара мойындағанын, асырауында жасөспірім балаларының болуын ескерді. Іс бойынша олардың жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот, екі сотталушыны ҚК-нің 307-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, әр қайсысына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.