Елімізде өткен тәулікте 753 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның алтауы Шымкентте, алтауы Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 952-ге жетіп отыр. Оның 19-ы шымкенттік тұрғын.
Ал, Түркістан облысынан 5 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 2 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 25 429 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 5 348 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 20 081-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 376 адамның жағдайы ауыр, ал 104 пациенттің халі өте ауыр. 64 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 748 448 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 114 076 адам салдырды. Ал Шымкентте 580 359 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 541 536-ы алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 029 423, II компонентін 976 988х адам салдырған. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана тұр.
Мөлдір Ибадуллаева