Түркістан облысында салынып жатқан тоннель құрылысымен танысу үшін Дүниежүзілік банктің, Автомобиль жолдары комитетінің және «ҚазАвтоЖол» АҚ Түркістан облыстық филиалының өкілдері республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» 593-632 шақырым автожолының қайта құру учаскесіне барды.
Бүгінгі таңда тоннельдің бір жақ жолағының 840 метр құрылысы аяқталған. Сондай-ақ, бетон жұмыстары толығымен аяқталып, дренаж жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Екінші жолақтың ашылуына 340 метр қалды. Жоба 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Әлихан Файзханов