Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану тиімді

174

Үш компонентті интеграцияланған жүйе жеке кәсіпкеркерлердің есепке алу функциясы мен салық міндеттемелерін орындау тәртібін жеңілдету құралы ретінде ойластырылды.

Үш компонентті интеграцияланған жүйенің мүмкіндіктері:

-қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау;
-ҚР Фиксалды деректер оепарторына  қосылу және оған есеп айырысу туралы ақпаратты беру;
-тауарлардың штрих-кодтарын оқу, және ЭШФ  ақпараттық жүйесіне қосылған электронды шот-фактураны құру;
-құжаттарды қалыптастыру;
-енгілізген мәліметтердің толықтығын бақылау;
-қойма және сауда жабдықтарымен жұмыс істей білу;

Бухгалтерлік есепті жүргізу үшін үш компонетті интеграцияланған  жүйені қолданар алдында жеке кәсіпкер оны орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеуге міндетті.

Бақыт Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Декларация негізінде арнаулы салық режимімен ҮИЖ қолданудың артықшылықтары қандай? Біріншіден,  салық кезеңіндегі табыс, яғни жарты жыл ішінде 24 038 АЕК-тен 94 086 АЕК дейін ұлғайтылды. Екіншіден, қосымша құн салығы 30 000 АЕК -тен 144 184 АЕК-ке дейін көтерілді. Алайда, бұл өсім үш компонентті интеграцияланған жүйенің  көмегімен  қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылатын операцияларға ғана қатысты екенін атап өткен жөн».

Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолданатын кәсіпкерлер үшін де салық жеңілдіктері қарастырылған. Айта кетейік, аталмыш жүйе жайлы сұрақ туындаса 53-01-74 байланыс телефонына хабарласыңыз. Сала мамандары сізге тұшымды жауап береді.Әл Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Төле би көшесінде  «Ақбар» көтерме сауда орнының жанында орналасқан.

Шынар Оразова