Жыл соңына дейін баспана кезегінде тұрған жалпы 610 түркістандыққа пәтер кілттері беріледі.
Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің 800-ге жуық пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы және көпқабатты 3 тұрғын үйдің 200-ге жуық пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы несие жүйесімен сатылымға қойылды.
Бүгінде мұнда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Талапқа сай жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынған.
Түркістан қаласында қолданысқа берілетін көпқабатты тұрғын үйлердің инфрақұрылымы толықтай іске қосылған. Пәтерлер де талапқа сай әрленген.
Шынар Оразова