Ата-аналарға айыппұл салынады…

267

 

Еңбекші АПБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандарды алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуы жайттарын, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі және ойын-сауық орындарға баруын анықтау және жолын кесу. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды тәркілеу де осы шараның аясында анықталады.

Ағымдағы жылдың 23-қаңтар күні жүргізілген рейдтік іс-шара барысында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдердің қарауынсыз ойынхада жүрген 7 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырып, жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеді.