Ірі қаржылық ұйым энергетикалық сектордың көміртекті бейтараптығына өтуге көмектеседі

64

Еуропалық қайта құру және даму банкі 2060 жылға қарай еліміздегі энергетикалық сектордың көміртекті бейтараптығына қол жеткізуге жәрдемдеседі. Ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді стратегиясы әзірлене бастады.

Былтыр ірі қаржылық ұйым Қазақстанға 630 млн. доллар инвестиция құйған. 18 жоба қаржыландырылды. Оның жартысына жуығы «жасыл» жобалар.

«Қасіретті қаңтар» инвесторлардың елімізге деген сеніміне селкеу түсіре ме деген күмән болғаны рас. Алайда,  көпшілігі әріптестікті жалғастыруға ниетін білдірген. Жалпы егемендік жылдары елімізге 370 млрд доллардан аса инвестиция құйылды. Оның 101 млрд Нидерландтан келген.

АҚШ-тан 46 млрд доллардан астам қаржы түсті. Алдыңғы үштікті Швейцария түйіндейді. Олар 28,5 млрд доллар құйды.

Шынар Оразова