Көктемгі егіс науқанына дизель отыны енді ақпанда босатылады

157

Көктемгі егіс науқанына қажет дизель жылдағыдан бір ай бұрын босатылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Министр өз сөзінде мұнай өңдеу зауыттарының өңдеу мерзімі қысқартылатынын айтты. Ал нарықтағы кенет тапшылықтың алдын алу үшін 200 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервтік қорларын құру жоспарланып отыр.

«Мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарының және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелту мерзімдерін үйлестіру көзделіп отыр. Яғни, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын жөнелту ақпан айында, бұрынғы мерзімдерден бір ай бұрын басталады», – деді Болат Ақшолақов.

Шынар Оразова