Бензин мен дизель отыны қымбаттайды: Ел не дейді?

84

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің шекті бағасын көтеру туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатқа сәйкес, бағаларды мемлекеттік реттеуге жататын стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұрынғы бұйрыққа өзгеріс енгізіледі. Айтулы өзгеріске сай, бензин мен дизельдің бағасы едуір қымбаттайды.

Шымкент қаласындағы жанар-жағармай бекеттерінің біріндегі жағдай. Айта кетейік, бұл таңғы уақыттағы кезекшілік ауысымды тапсыру кезеңі. Кезек күту біз үшін үйреншікті жәйт, тек өнім болса болғаны дейді кезегін тағатсыздана күткен көлік жүргізушілері. Ағажан Моладағалиев дизельдің тапшылығы әбден мезі етті. Оған бағаның көтерілуі жығылғанға жұдырық болды дейді.

Ағажан Молдағалиев, Шымкент қаласының тұрғыны: «Қазір 3 жанармай бекетін айналып келдім,  дизель отыны жоқ, тек  осында құйып жатыр екен. Айналып қаланы шарлап бір ай болды ғой тентіреп жүргенімізген,таппай. Барасың жоқ, барасың жоқ. Әлеуметтік желіде хабарламалар  таратылуда бензин, дизель қымбаттайды деп. Не болатынын ел қатарлы көреміз».

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің шекті бағасын көтеру туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатқа сәйкес, бағаларды мемлекеттік реттеуге жататын стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұрынғы бұйрыққа өзгеріс енгізіледі.

АИ-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;
дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге;

 Мына жанар жағармай бекетінде нарықта сұранысқа ие бензин әзірге босатылуда. Ал дизель мүлдем жоқ.
Байдәулет Төребеков, ЖЖМ бекетінің қызметкері: «АИ-92-173 теңгеден сатылуда, дизель отыны-210 теңгеден. Жанармайдан бұрын азық- түлік,  барлығы қымбаттап кетті. Енді бұл жағдайдан кейін тағы қымбаттайды. Жалақы сол баяғы, қарыз алып күн көрудеміз».

Жаңа бұйрық бойынша Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен көлік иесі тәулігіне 100 литрге дейін дизель отынын құйып ала алады. Бағасы 1 литр үшін 295 теңге болмақ. Ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен жағдайда тәулігіне 300 литрді 295 теңгеге құйып алуға болады.

Қайыпбек Қамбаров, «Жанар жағармай қауымдастығы» төрағасы: «Бір жағынан дұрыс, тапшылықтың алдын алады. Екіншіден, бұл шешіммен  келіспеймін, неге бірден 11 пайызға көтерді. Жылдың басынан бірінші тоқсанда әр ай сайын  4 пайыздан көтергенде қатты білінбейтін еді, халыққа ауыр тимейтін еді».

Мамандардың сөзінше, бензин мен дизель тапшылығының алдын алу мақсатында Энергетика министрлігімен қолға алынған шара халықты тығырыққа тіреуі мүмкін. Себебі, сұйық отын құнының қымбаттауы мен оның тапшылығы, әр жыл сайын көктемде қайталанатын құбылыс, дейді тұрғындар.

Нұржан Өмірбеков, Шымкент қаласының тұрғыны: «Министрлік жанармайға бағаны көтерсе де, көтермесе де, жыл сайын  көктем, күзде болатын жағдай. Келесі аптадан бастап   бензин – 205 теңге,  дизельдің 1 литрі -295  теңгеден сатылса,  халыққа қиын болатын болды».

Ал үкімет басшысы бұл өзгеріс туралы ойын, «мұндай қадамға баруға мәжбүрміз» деп түйді. Десе де, бұл жаңашылдықтың себебі қандай болғанмен, салдарын кімнің көрері айтпаса да анық.