Úı ANONS Коменданттық сағатты бұзған 33 құқық бұзушы анықталды

Коменданттық сағатты бұзған 33 құқық бұзушы анықталды

Шымкентте коменданттық сағатты бұзған 33 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 25 құқық бұзушы қамауға алынды.

Блок бекеттерде 7000-нан астам автокөлік тексерілген. Нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 8 азамат ұсталды. Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов күдіктілерден 6 патроны бар 16-мм калибрлі тұмсығы кесілген қару, 5 жауынгерлік патроны бар 9-мм жауынгерлік калибрге қайта жасалған 1 травматикалық тапанша, 7,62-мм калибрлі 67 жауынгерлік патрон және 5,45-мм калибрлі 3 жауынгерлік патрон тәркіленгенін айтты.

Қалада жаппай тәртіпсіздік орын алғаннан бері полицияға 2716 адам жеткізілген. 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, олардың 175-і 15 тәулікке қамалып, 2 адамға айыппұл салынған.

Әлихан Файзханов