Көмір теміржол арқылы тұтынушыларға үздіксіз жеткізілуде

79

Тас көмір теміржол арқылы тұтынушыларға үздіксіз жеткізіліп жатыр. «Қазақстан темір жолы» компаниясы осылай мәлімдеді.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол арқылы әлеуметтік маңызы бар жүк-тас көмірді тасымалдау жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр.

«Қаңтар айының 11 күнінде 3,5 млн тонна қатты отын тиеліп, өткен жылдың  осы мерзімімен салыстырғанда  өсім 1,2% құрады. Оның ішінде ЖЭО – ға 2,2 млн тонна жеткізіліп, көмір қорының ұлғаю үрдісі байқалуда. Әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында», делінген хабарламада.

Компанияның мәлімдеуінше,  көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен жедел штаб кеңестері  күнделікті өткізіледі. Маңызды жүкті тасымалдау үшін жартылай вагондар жүк жөнелтушілердің өтінімдеріне сәйкес толық көлемде беріледі.

Шынар Оразова