Мемлекетке тиесілі қаражатты заңсыз шығаруға жол берілмейді

113

Офшормен күрес бойынша халықаралық операция барысында сыртқы экономикалық үрдістерге қатысушылардың құқығы тапталмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

«Өз клиентіңді таны» принципі әлемдік тәжірибеде жемісін берген. Сондықтан мамандар қабылданған шаралардың нәтижелі боларына сенімді. Мұндай бастама азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді арттыру бағытында мемлекетке тиесілі қаражатты заңсыз шығаруға тойтарыс беру үшін қолға алынды. Мәжіліс АҚШ-пен келісімді мақұлдады. Ол арқылы қазақстандық заңды және жеке тұлғалардың америкалық банктерде ашылған шоттары жайлы хабар алып отырамыз.

Шынар Оразова