Шымкент: 2023 жылы көгілдір отын мәселесі толығымен шешіледі

78

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабының инфрақұрылым жүйесімен танысып, халқымен кездесті.

Әлеуметтік мәселесі толық шешілмеген елді мекен тұрғындарының сөзінше, оларға ең қажеттісі табиғи газ, қосымша мектеп, амбулатория, мәдениет үйі мен спорт алаңшасы және асфальт жол.

Қала басшысы халықтың арыз-шағымын тыңдай келе, газбен қамту мәселесі мен, әлеуметтік нысандар салу ісіне баса назар аударуды, сондай-ақ білім басқармасына мектеп меселесін шешуге инвестор тартуды тапсырды.

Айта кетейік, тұрғын алапқа өткен жылы ауыз су құбыры тартылып, тұрғындар толығымен таза сумен қамтылған еді. Сонымен бірге сапалы электрмен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілген. Енді, табиғи газбен қамту мәселесі 2023 жылы толығымен өз шешімін таппақ.

Аида Қарсыбайқызы