«Ұлттық ұланға» – 30 жыл

386

«Ұлттық ұланның» құрылғанына 30 жыл! Осыған орай Шымкентте салтанатты шара өтті. Онда «Ұлттық ұлан» сарбаздары марапатталды және қаңтарда болған оқыс оқиғадан қаза тапқандардың құрметіне 1 минуттық үнсіздік жариялады.

Отыз жылдық мерейтойды атап өтуге жиналған саптағы сарбаздар, алдымен «Қанды қаңтарда» ерлікпен қаза тапқан қаруластарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Олардың отан алдындағы борышын өтеу барысында көрсеткен ерліктерін дәріптеп, адалдығын сөз етті. «Ұлттық Ұланның қатарында қызмет ету көптеген жастар үшін құрмет». Өз міндетін абыроймен атқарып жүрген Абылай Абдрашов осылай дейді.

Абылай  Абдрашев, 6698 әскери бөлімінің сарбазы: «Ұлттық ұланның әскери қызметкері болу өте оңай емес. Күнделікті шынығу, күнделікті жауынгерлік тапсырмаларды орындау. Әрдайым дайындықтты талап етеді. Мен сенемін ұлттық ұлан әскерлері барлық тапсырманы орындай біледі».

Аға лейтенант Әділжан Исаев кешегі бүлік кезінде сапта болып, қаланың қауіпсіздігін қорғады. Әкімдікті күзеткен жауынгер тәртіпсіздік болған түндері шерушілерді бастапқыда тоқтату мүмкін болмағанын айтады.

«Басқа сұрақ тағайындалды балдарға, оларады қалай тоқтатамыз деген сұрақ. Олардың саны біздерге қарағанда өтте көп болды. Ұлттық ұлан әскері ешқашан  өзінің әскерей формасын шешіп  лаңкестер жағына өтпейді деп санаймын өзім» дейді сарбаз.

Осыдан 30 жыл бұрын, 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері құрылып, 2014 жылғы 21 сәуірде «Ұлттық ұлан» болып қайта жасақталды. Қазақстанның әр аймағында халық арасында тәртіпті сақтауға арналған өз аумақтық сақшы бөлімшелері бар. Және олар ел басына күн туған сын сағатта, Отан алдындағы борышын адал өтеуге барын салатын елжанды сарбаздардан құралған.

Иззат Миралиев