Утиль алымы мен өткізген техникаға өтемақы төлеу уақытша тоқтатылды

214

Елімізде утиль алымы мен өткізген техникаға компенсация төлеу уақытша тоқтатылды.

Мемлекеттік оператор «Жасыл-Даму» өкілдерінің хабарлауынша, «РОП операторы» серіктестігін тексеру жұмыстары аяқталғанға дейін бірқатар қызметтер тоқтаған. Әрі басқару функцияларын «Жасыл Дамуға» беру жұмыстары толық аяқталмаған. Осыған орай, кәдеге жарату төлемдерін қабылдаудан бөлек, қалдық жинаушылар мен өңдеушілерді субсидиялау да тоқтады. Сондай-ақ, экологиялық кодексте көзделген басқа да қызметтер кейінге шегерілді.

Шынар Оразова