ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Айта кетейік, «қызыл» аймаққа Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстары кірді. Аталмыш өңірлер кеше «сары» аймақта тұрған болатын. Сондай-ақ кеше «жасыл» аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысы бүгін «сары» аймаққа өтті.