Úı ANONS Интернет-есірткі дүкенінің «қоймасы» әшкереленді

Интернет-есірткі дүкенінің «қоймасы» әшкереленді

фото ІІМ

Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарын жеткізудің және өткізудің арналарын анықтау мен жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

— «Қарасора — 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Астана қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің «қоймасы» қызметін атқарған.

Тінту барысында, сондай-ақ бұрын жабдықталған жасырын орындарды тексеру кезінде орау материалдары, zip-lock пакеттері және төрт килограмнан астам синтетикалық есірткілер — α-PVP мен мефедрон тәркіленді.

Бұл елорда аумағында таралуына жол берілмеген 12 мыңнан астам бір реттік доза. Заңсыз айналымнан алынған әрбір есірткі партиясы — алдын алынған қылмыстар, аман сақталған адамдардың өмірі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі есірткіні жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.