Түркістан облысының полицейлері «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңгетайлық деректерін анықтады. Ағымдағы жылдың 21-27 ақпан аралығында Түркістан облысы аумағында жеке адамға қарсы қылмыстарды, жеңгетайлық пен адам саудасын анықтау, бас бостандығынан айыру деректерінің жолын кесу мақсатында «STOP-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Екі тәулік ішінде ТО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша 2 деректі анықтады.
Осылайша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш ауданының екі бірдей қонақ үйінде полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен және жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен қонақ үйлердің 2 әкімші мен 3 жеңіл жүрісті қызды ұстады.
Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жеңгетайлықпен байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.
«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз. https://t.me/OtyrarQaz