Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан шықты

53

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1508 жағдай тіркелді. Оның 15-і Шымкентте, 2-і Түркістан облысында анықталған. Республика бойынша қауіпті індеттен емделіп шыққандар саны 5394 адам. Оның ішінде 329-ы шымкенттік тұрғын.

Түркістан облысынан 31 адам ковидтан жазылды. 16 ақпандағы жағдай бойынша елде 45328 адам емделіп жатыр. Оның 6191 стационарға жатқызылса, 39137 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Сала жауаптыларының айтуынша, 308 адамның жағдайы ауыр, ал 133 пациенттің халі өте ауыр. 101 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 315 067 адамға жетті. 2-ші компонентін 8 894 995 адам салдырды. Ал Шымкентте 599 005 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 584 452 адам алды.

Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 078 , II компонентін 1 044 216 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Шымкент, Түкістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облысы жасыл аймақта ал Алматы, Нұрсұлтан қаласы,Қарағанды, Батыс қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы сары белдеуде.

Қызыл аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

Жанерке Хумар