Қ.Тоқаев кедендегі жемқорлыққа нүкте қойды

111

Тоқаев Ақордада өткен кеңесте салық және кеден саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне тоқталды. «Қытаймен өзара сауда-саттық туралы екі елдің статистикалық мәліметтері екі түрлі. Олардың арасында миллиардтаған доллар айырмашылық бар. Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 миллиард долларға жетті. Мұндай үлкен айырмашылық қалай пайда болғанын ешкім түсіндіріп бере алмайды. Ашығын айтқанда, бұл – контрабанда», — деді Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңесте.

Айтуынша, келеңсіздіктің бар екенін кәсіпкерлер де растап отыр. Сауалнама нәтижесі бойынша шетелмен сауда жасайтын адамдардың 90%-і жемқорлықпен бетпе-бет келген. Оның ішінде 45%-і кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы үш көліктік бақылау бекетін жемқорлық әбден жайлағанын анықтады. Елімізде мұндай 49 бекет бар. Кеден және көліктік бақылау саласындағы парақорлық транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр», – деді президент.

Шынар Оразова